Қазақ әдебиеті тағы бір тың туындымен толықты


«Күн тұтылған мезгіл» деп аталатын тарихи роман XVIII ғасырдың екінші жартысында оңтүстікті мекендеген жұрттың тыныс-тіршілігі мен саяси ахуалын баяндайды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкентте өткен «Оңтүстік тарихынан сыр» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сиясы кеппеген тың шығарманың тұсауы кесілді. Шараға ел тарихын зерттеп жүрген белгілі ғалымдар мен жазушылар қатысты. Онда сөз алған ғалымдар Қазақ хандығының құрылуы мен оның нығаюы жайында көне қолжазбалардан алынған тарихи тың деректермен танысты. Автордың айтуынша, тақырып кездейсоқ таңдалмаған.

Өйткені Қоқан хандығы мен қалмақтар оңтүстікті басып алған жылдары күн тұтылған көрінеді. Кітаптың жалғасы бар деп отыр автор. Момбек Әбдәкімұлы, жазушы: – Біздің жазушылар мен тарихшыларымыздың тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелінбей, жазылмай келе жатқан оңтүстік тарихына арналған кітап бар. Бұл кітап оңтүстік қазақтарының XVIII ғасырдың екінші жартысындағы саяси ахуалы, тұрмыс-тіршілігі мен жай-күйін баяндайды.

Тақырып: 24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>