Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына дайындық басталмақ

Қазақ хандығының 550 жылдығын бүкіл ел болып атап өтуіміз қажет. Бұл туралы бүгін Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысында Бердібек Сапарбаев айтты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары өз сөзінде бұл мерейтойға қатысты іс-шаралар тек қана Жамбыл өңірмен шектелмеуі тиіс деп атап өтті. Себебі, қазақ хандығының дамуына басқа да қалалардың қосқан үлесі бар.

Ол: «Мәселен, Түркістан, Сығанақ, ар жағындағы Сарайшық, Бөкей ордасы, Ұлытау, Көкшетау және басқа біздің қалаларымыз – хандық болған елді мекендер», – деп айтты. Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары: – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы мерекені өткізу үшін Үкімет арнайы қаулы қабылдап, комиссия құрды. Елбасы берген тапсырмаға сәйкес, осы мерекені қазақстандықтар жақсылап атап өтуі керек.

Тақырып: 24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>