Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындық басталды

Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтуге дайындық қызу жүріп жатыр. Айтулы датаға орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі арнайы тұжырымдама әзірледі. Үш бөлімнен тұратын құжатты бүгін Үкімет мүшелері талқыға салды. Нәтижесінде көпсериалды фильм түсірілетін болды. Сондай-ақ келер жылдың басынан бастап ғылыми жобалар мен ауқымды экспедициялар да ұйымдастырылады. Негізгі шара келер жылдың қыркүйек айына белгіленген.

Шу мен Талас өзендерінің бойында ауқымды театрландырылған қойылым қойылады. Өйткені тарихи деректер бойынша Керей мен Жәнібек хандар қазақтың туын алғаш рет осы жерде көкке көтерген. Негізгі шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және өзге де беделді қонақтар қатысады деп күтілуде. Ал тарихшылардың бұл датаға орай айтып жүрген сан-қилы пікірлері орынды, – дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі. Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: – Әрине, 550 жылдық жайлы көптеген дерек бар. Кейбіреулері 2015 жылы 550 жылдық келді дейді, біреулер 5 жыл артық, біреулері 5 жыл кем дегенді айтады, енді әр тарихшының өз көзқарасы бар. Біз ғалымдармен бұл сұрақты терең зерттеп, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» атты еңбегіне сүйене отырып, бүкіл ғалымдар бір тұжырымдамаға келдік. Ол – 1465 жылы Қазақ хандығының бірінші құрылған кезі.

Тақырып: 24.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>