Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚХА 20 жылдығына арналған көрме өтуде

Шымкентте жақында ҚР Мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова тұсауын кескен Оңтүстік Қазақстан облысының бейнелеу өнері мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған көрме өтуде, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.
video 0

Бейнелеу өнері мұражайының басшысы, суретші, кескіндемеші Айнабек Оспановтың айтуынша, мұражайда алғаш ұйымдастырылып отырған бұл көрме үш бағыттан тұрады.

«Бірінші бағыт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. «Достық» суреттері сыр шертіп тұрған көрмеде түрлі ұлт өкілдері қылқалам шеберлерінің туындылары қойылып, бірлік пен ынтымақ, тұтастық идеясына топтасқан картиналар көпшілік назарына ұсынылды», − дейді ол.

Айнабек Оспанов екінші бағыттағы көрмеге Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отырғанын айтады. Онда тарихи туындылар, батырлар мен жыраулар бейнелері, көшпенді елдің тұрмыс-тіршілігі суреттелген шығармалар қойылғанын атап өтті.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрмені «Аманат» деп атадық. Мұнда Қазақстанның әр аймағындағы суретшілердің жүзден аса туындысы көрермен назарына ұсынылды. Ал көрменің үшінші бөлігіне құнды жәдігерлер топтастырылған. Яғни, осы уақытқа дейін еш жерде жарық көрмей, қорда жатқан түпнұсқа картиналар тұңғыш рет көпшілік назарына ұсынылуда», − дейді ол.

Дилара РЫСДӘУЛЕТ, фото мен видео автордікі

Тақырып: bnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>