Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу маңыздылығын ең алдымен жастарға ұғындыру керек

Жыл сайын өтетін Гумилев оқулары биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына арналмақ. BNews.kz тілшісіне сұхбат берген Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Тілеген Садықұлы осы дүбірлі тойға орай оқу орнының қабырғасында өтетін шаралар туралы әңгімелеп берді.

«Жалпы, ел бойынша бұл мерейтойды атап өту үшін ауқымды шаралар жоспарланған. Соның ішінде, біздің университетімізде бірнеше ірі шаралар белгіленіп отыр. Бірақ, біздің ең басты ұстанымымыз және ұстаздар алдына қойған міндетіміз – тарихшы жастарға ғана емес, басқа мамандық иелеріне де тарихты сіңіріп, осы мерейтойдың маңыздылығын ұғындыру. Яғни, жалпы, түгел студенттер арасында тарихты насихаттау», – дейді факультет деканы.

Тілеген Садықұлы атап өткендей, дәстүрге айналған Гумилев оқуларының биылғы тақырыбы – Қазақ хандығының 550 жылдығы.

«Жыл сайын өтетін Гумилев оқуларының биылғы тақырыбы осы Қазақ хандығының 550 жылдығы болып отыр», – деп хабарлады факультет деканы.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Тақырып: bnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>