Павлодарлық ақындар мен композиторлар Қазақ хандығының 550 жылдығына ерекше тарту жасамақ. Өнер қайраткерлері тарихи датаға орай арнайы өлеңдер жинағын жарыққа шығармақ. Олардың еңбектері Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек бабадан бастап, хандықтың дамуына үлесін қосқан белгілі мемлекет қайраткерлеріне арналады. Жинақ авторларының айтуынша, 200-ге жуық өлең шығарылып, әрбір композицияға ән жазылмақшы. Қазір өлеңдер жинағының жартысына жуығы дайын. Бұдан бөлек павлодарлық театр әртістері «Керей» мен «Жәнібек» деген атаумен жаңа қойылымды сахналайтын болды. Жаңа туындының авторы – павлодарлық танымал ақын Серік Елікбай.
әзірлеген Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ, Жанар ҚОМБАЕВА, видео: Руслан Қанабеков
Тақырып: 24.kz