Тарихшылар қазақ хандарының кесенелерін картаға түсірді

Тарихшылар қазақ хандарының жүріп өткен жолдарына ғылыми экспедиция жасады. Ұлытаудан басталған сапар Түркістан, Тараз қалаларында жалғасты. 9 күн бойы зерттеушілер 4 мың шақырым жол жүріп, тарихи нысандарға ат басын бұрды. Олар Ұлытау мен Түркістан жеріндегі Алаша хан, Жошы хан, Айша бибі, Қара хан кесенелерін картаға түсірген.

Ғалымдар жинаған тың деректерді кітап етіп басып шығару жоспарлап отыр екен. Ал экспедиция қорытындысы 11 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астанада өтетін конференцияда баяндалады. Бүркітбай Аяған, Мемлекет тарихы институтының директоры -Қазіргі тарихи ескерткіштердің жағдайын қарадық. Оған баратын жолдарды көріп, оған қоса суреттеу жұмысын атқарған болатынбыз. Біздің ойымыз болашақта тағы да басқа көптеген ойымызды арнайы ғылыми конференцияда айтпақшымыз.

Тақырып: khabar.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>