6 қыркүйек күні Астананың іргесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтті. Белгілі видеоблогер Виталий Перов назарларыңызға квадрокоптермен түсірілген видеоны ұсынады, деп хабарлайды BNews.kz.
Айта кетейік, бәйге Ақмола облысындағы Қабанбай ауылында өтті. Бас жүлде жамбылдық шабандоз Ақжол Жұматаевқа бұйырды. Биылғы сайыстың басты ерекшелігі – бәйге жолы 43 шақырымнан 51 шақырымға дейін ұзартылды.
Турнирге республикамыздың түкпір-түкпірінен 160-қа жуық сәйгүлік қатысты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға да қаржылай жүлделер берілді.
Тақырып: khabar.kz