«Қазақ Елі» фильмінің 50 пайызы дерлік түсіріліп бітті

222f2901fce751b94bf48a196250e80b

Ұлттық жоба ретінде түсіріліп жатқан «Қазақ елі» киносын түсіру бүгінгі таңда өз деңгейінде, ешбір қиындықсыз жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 250-300-ге жуық маманымыз түсіру алаңдарында жұмыс істейді. Мұны ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

«Жалпы, тұтас он сериал бойынша 150 сахналық қойылым түсірілуі керек болса, бүгінгі күні оның 70-ке жуығы толық түсіріліп бітті. Ал қазіргі кезде түсіру алаңында 250-300-ге жуық маманымыз өз міндеттерін алаңсыз атқарып жатыр. Тіпті, ауа-райының жағдайын мүмкіндігінше өз игілігімізге жарата отырып, түсіру процесін тоқтатқанымыз жоқ», – дейді Арман Тұрсынбайұлы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен биыл елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы деп жарияланып, ол мемлекеттік деңгейде аталып өткен болатын. Осыған орай, ел бюджетінен қомақты қаражат бөлініп «Қазақ Елі» деп аталатын кинотуынды түсіріліп жатыр.

Тақырып: bnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>