Мәскеуде Шоқан Уәлиханов туралы кітаптың тұсауы кесілді

2e2eafdeb98603e7222529dee406e4dc_resize_w_840_h_ (1)

Мәскеуде Орыс география қоғамының (ОГҚ) штаб пәтерінде Жарылқап Бейсенбайұлының «Шоқан Уәлиханов» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Кітап атақты қазақ ғалымының 180 жылдығы мен ОГҚ-ның 170 жылдығына орайластырылды.

Еңбек ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің көмегімен орыс тілінде жарық көрді. Жаңа тарихи, архивтік құжаттармен толықтырылған кітапта Шоқан Уәлихановтың өмірі мен оның дәуірі жайлы белгілі фактілерге қатысты маңызды қорытындылар жасалады.

Іс-шараны ашқан Орыс география қоғамы атқарушы директорының орынбасары Илья Гуров ОГҚ қазақстандық әріптестерімен бірге көптеген жобаларды жүзеге асырып жатқанын айтты.

«Шоқан Уәлихановтың қайталанбас өмір жолы – азаматтық ерліктің жарқын үлгісі. Ол Орыс география қоғамының мүшесі деген атаққа әбден лайық болды. Өмірден тым ерте кеткені өте өкінішті», – деді И.Гуров.

Тақырып:bnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>