​Тұңғыш Президент Музейінің қорына «Аманат» сандығы тапсырылды

9e9fc1653ad39a93e1c1580b475ec5c7_resize_w_840_h_

Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясы аясында «Аманат» сандығын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Музейге тапсырылған «Аманат» сандығында еліміздегі бірқатар музейдің қорындағы жәдігерлердің фотосуреттері мен сипаттамалары жинақталған. Атап айтқанда, XVII-XVIII ғасырдағы батыр сауыты, Ілияс Есенберлиннің қолжазбасы, Абылай хан тағы, Бөгенбай батырдың дулығасы, Ақан серінің адалбақаны тәрізді жәдігерлер туралы мәліметтер топтастырылған.
Сонымен қатар, Алматы облысынан табылған айбалта мен Ақтөбе облыстық музейінің қорындағы Бұжыр батырдың сауыты, Атырау музейінен алынған қайрақ тас пен Жамбыл облысынан табылған сақ дәуіріндегі батыр дулығасы туралы қызықты мәліметтер енгізілген.

«Аманат» сандығын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің директоры Алма Сағынғалиқызына Ақмола облыстық мәдениет басқармасының бастығы Сәуле Бөкейханқызы салтанатты түрде тапсырды.

Айта өтейік, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде «Ғасырлар аманаты» республикалық акциясының қорытындысы жарияланды. Шара барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған деректі фильмдер көрсетіліп, көпшілік қауымға арнайы көрме ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>