Мыңбай Дархан Қамзабекұлы
ҚР Ұлттық мұражай директоры
1962 жылы 26 қаңтарда Шымкент облысы Түлкібас ауданының Димитров ауылында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985) журналист мамандығы бойынша; Шымкент университетін (2006) экономист мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты.
«Оңтүстік Қазақстан: «Шығармашыл зиялылар», «Нұрлы әлем» (2001), «Нұрын шашқан Оңтүстік» («Земля Южного Казахстана»), «Эффект» (2003), «Өнерлі өлке суретшілері» («Художник Южного Казахстана») (2008) кітаптарының, 62 жарияланған мақаланың авторы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1978-1979 жылдары – Шымкент облысы Сайрам ауданы «Қайнарбұлақ» ұжымшарының В.И. Ленин атындағы бөлімшесінде жұмысшы. 1985 жылдан – Одақтық және шетелдік баспаға арналған Бас ақпарат редакциясының (ҚазКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттік- ҚазТАГ) редакторы, 1986 жылдан – аға редакторы, 1989 жылдан – одақтық баспаға арналған ақпарат редакциясының аға бақылаушы әдеби редакторы. 1990 жылдан – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Актілерді жариялау бөлімінің аға кеңесшісі. 1992 жылдан – ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің редакциялық-баспа бөлімініңаға референті.
1994 жылдан – «Өркениет- Горизонт» республикалық газетінің бас редакторы. 1996 жылдан – «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясының вице – президенті. 1997 жылдан – Шығармашылық қызметті және облыстық телерадиокомпаниялармен жұмысты үйлестіру жөніндегі басқарманың бастығы.1997 жылдан – ОҚО әкімінің орынбасары. 2002 жылдан – ОҚО жастар ісі және ішкі саясат департаментінің бастығы. 2004 жылдан – ОҚО Түлкібас ауданының әкімі. 2006 жылдан – ОҚО әкімнің орынбасары. 2008 жылдан – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
2008 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2012 жылдан – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
2013 жылғы 16 қаңтардан бері – ҚР Ұлттық мұражайының директоры.