XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстанның рухани және материалдық мәдениетін бейнелейтін Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы экспонаттары.

Тудың басы. Түркістан, ХVІІ ғ. Әз Тәукенің тоғызыншы ұрпағы Әміре Бекайдар Төлжанұлы өткізген бұл «Хандар туының басы», ата-бабалардан мирас болып жеткен құнды зат.

Дулыға. Орталық Қазақстан, ХVІІІ ғ. 2000 жылы 19 тамызда Көкшетау облыстық тарихи -өлкетану музейі өткізген. Металл, қақтама, аттың қылы. 21х22,5х20 см

Аспалы шырағдан. Түркістан, ХІV- ХV ғғ. Қазан тәрізді құты, бетіне өсімдік тұрпатты бедерлі өрнектермен өрнектеліп, екі басы жұмырлана иілген құйма металл ілгекпен аяқталған. Шырағданды асып қою үшін ілмектің екі басына үзбелі шынжыр бекітілген.

Қалқан. Оңтүстік Қазақстан, ХVІІ-ХVІІІ ғғ. 2000 жылы 27 шілдеде Жамбыл облыстық тарихи -өлкетану музейі өткізген. Металл. Диаметрі 46 см

Шыңдабыл. Оңтүстік Қазақстан, ХVІІІ ғ. Темір, қақтама, оймыш. Железо, ковка, гравировка. d – 26 см, h – 15.5 см

Қазақтың әйгілі батыры Наймантайұлы Байғозының туы. XVIII ғ. Бөз мата 125х95. Жырылған, тозған, найзаның ұшы тиген жерлері бар.

Мұрақ. Қызылорда, ХVІІІ-ХІХ ғғ. Мұрақ. XVIII-ХIХ ғ. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінен өткізілген. Қою қызыл түсті барқыттан тігілген, алтын, күміс жіптер арқылы көгеріс өрнегі кестеленген. Қызыл барқыт, күміс, алтын жіп. Биіктігі -38 см.

Айбалта. Орталық Қазақстан, ХVІІІ ғ. 2000 жылы 25 маусымда Ағайынды Құлмантегі Жетенұлдары тапсырған. Металл ағаш, 84х13 см.

Пілтелі мылтық. Оңтүстік Қазақстан, ХІХ ғ.2004 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану музейі өткізген.
Металл, ағаш, ұз.150,63 см.

Жан торсық. Қызылорда, ХVІІІ ғ. 2000 жылы 23 қарашада Қызылорда облыстық тарихи -өлкетану музейі өткізген. Тері, жіп

Садақ жебемен. Оңтүстік Қазақстан, ХVІІІ ғ. 2000 жылы 14 шілдеде Г.К. Шалқыбекова өткізген.
Садақ: 150,10 см, жебе 77х1,5 см.

Алтын жалатылған дулыға. Оңтүстік Қазақстан, ХVІІІ ғ. 1998 жылы 28 ақпанда Алматы Мемлекеттік Орталық музейі тапсырған. Металл, бүкпе, қақтама. 21х24,5х19 см.

Ақинақ қынымен.ХХ ғ. Қазақстан Күміс,болат,былғары, мата, қаралау, алтындау. ұзынд.-41 см; ені-11 см қалыңд.-0,7см; салм.- 750 гр

Қылыш қынымен.ХХ ғ. Қазақстан Күміс,болат, былғары, мата, қаралау, алтындау. ұзынд.- 104 см; ені-13 см қалыңд.-0,7 см; салм.-1кг.900 г.

Қылыш қынымен.ХҮІІІғ. Орта Азия. Ақ түсті металл, болат, алтын жалатпа, қалыптама, ширатпа. 98х10,5см.

Пышақ қынымен. ХVІІІ ғ. Оңтүстік Қазақстан сары түсті металл, тері, сүйек, бирюза, пышақ -37 х 3 см. қыныбы – 40 х 5 см. 405,1 гр.

СаукелеҚалындық-тың бас киімі.ХІХ ғ. Батыс Қазақстан. Барқыт, мата, тері, ақ, сары түсті металл, шыны, сердолик, 30х20 см. 54х11х2 см

Өңіржиек. ХІХ ғ. Батыс Қазақстан Ақ түсті металл, қалыптау, шыны, сіркелеу, алтындау, ширатпа, батырма, шынжыра; 48,3х7,3см.

Өңіржиек. ХІХ ғ. Батыс Қазақстан Ақ түсті металл, қалыптау алтындау. 55,3х6,1см. 950пр. 875пр.салм. – 293,6гр.

Құдағи жүзік.ХІХ ғ. Батыс Қазақстан. Ақ түcті металл, шыны, қалыптау, сіркелеу, алтындау, 6,5х7 см./p>

Әйел белдігі. ХХ ғ. Оңтүстік Қазақстан. Ақ түсті металл, жасыл мата, қаралау, шекіме, алтын жалатпа, ұз.-67 см
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай мырзаға берілген материалдар үшін алғысымызды білдіреміз astanamuseum.kz