Жуырда облыс орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ескерткіш орнатылмақ. Мүсіннің қандай болатыны әзірше белгісіз. Бұған дейін байқауға қатысуға өтініштер жергілікті шеберлерден қабылданған еді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Ескерткіш облыс басшылығының бастамасымен орнатылмақ. Ол Ушанов алаңында немесе амфитеатр ауданында қойылуы мүмкін.
Мәліметке сәйкес, байқау аяқталды. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссия қарайтын бірнеше үміткер іріктеледі.
Республикалық комиссия қорытындысы мамыр айының соңында жарияланады. Ескерткішті салуға қаржының жергілікті бюджеттен бөлінетіні белгілі.
Тақырып: bnews.kz