Реджеп Ердоған Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады

84b6dacb293d438d01143b94272e3ad3
Қазақстан мен Түркия президенттерiнiң кездесуiнiң қорытындысы бойынша жасалған бiрлескен мәлiмдеме барысында Түркия Республикасының мемлекет басшысы Реджеп Ердоған Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Өткен жылы жазда Сiз Түркия президентiн ұлықтау рәсiмiне қатыстыңыз, осыған байланысты бiздiң жанымызда болғаныңыз үшiн алғыс бiлдiргiм келедi», – дедi Түркия президентi.

«Үш жылдан кейiн мен бiздiң ата-бабамыздың, әкелерiмiздiң отанына президент ретiнде келiп отырғаныма бақыттымын. Бұл сапардың мәнi ерекше, өйткенi биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады. Осы айтулы оқиғамен бауырлас халықты шын жүректен құттықтағым келедi», – деп қосты Реджеп Ердоған.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Тақырып: bnews.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>