2015 жылдың 11 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Барыс» көпфункционалды кешенінде Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған «Мәңгілік Ел» атты сахналандырылған көрініс өтті.
Жеті бөлімнен тұратын сахналандырылған көрініс те қазақ халқының үш мың жылдық тарихы мен қазіргі замандағы бейнесін көрсетті. Әр бөлімде біздің еліміздің ұлт ретінде қалыптасу кезеңі орын алған. Көріністің сәнін ұлттық мәдениеттің әр түрлі музыкалық жанры: ән-күйлер мен өлең-сөздер, мәнерлі хореографиялық және хордық орындаулар көркін қыздырды. Концертке қатысуға 3000-дай адам қатысты. Ұлттық «Наз», «Салтанат», «Туғанжер», «Рухсара», «Аққу», «Көктүріктер» би ансамбльдерінен өзге Туркия, Әзірбайжан, Қырғызстаннан келген би ансамбльдері өнер көрсетті.
Заманауи технологиялар қолданған бұл өзгеше қызықтырғыш көріністі тамашалауға 4000 адам болды. Олардың ішінде Әзірбайжанның Президенті Ильхам Алиев, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ұлы Түркия ұлттық жиналысының спикері Исмет Йылмаз, Түрікменстан үкіметінің вице-премьері Сапардурды Тойлыев, халықаралық қауымдастықтың өкілдері, мәдениет, ақпарат, білім және ғылым министрлері, атақты ғалымдар, шетелдің мемлекет және қоғам қайраткерлері,спорт пен ғылым интелегенция өкілдері тамашалады.
Салтанатты мерейтойға жетекші отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты.
Тақырып: mks.gov.kz