Бұйдаш хан
Бұйдаш хан 1533-1537 жж. билік құрған.
Бұйдаш хан – Қазақ хандығын 1533-1537 жылдар аралығында биледі.
Хан тағы оған ағасы Тахир ханның өлімінен кейін бұйырды. 1533 жылы Моғолстан Әбдірашид сайланып, Шайбанидтермен бірлесіп қазақтар жеңіліске ұшыратады. «Жамиғат тауарихтың» авторы («Жылнамалар жинағы») Қадырғали Жалаиридің айтуынша Бұйдаш хан Барақ ханның ұлы Дервиш ханмен болған шайқаста қаза табады. Бұйдаш ханмен бірге оның барлық туысқан сұлтандар қайтыс болады (24 адам).
Мұхаммед Хайдардың дерегі бойынша «тоғыз жүз қырқыншы жылдан кейін қазақтар жоғалып кеткен» дейді. Яғни, Мұхаммед Хайдар хижра жыл санауы бойынша 1533-1534 жылдарға келіп тұр. Оның бұлай айтуының бір себебі Тахир мен Бұйдаш ханның иеліктерінен айрылуы болуы мүмкін. Сондай-ақ өзге де деректер бойынша («Жамиғат тауарих») сол уақытта (1535-1538 жж.) елде хан атағын иемденген – Тоғым хан, Ахмет хан, Хакназар хан, Наурыз Ахмет хандар болған деседі.