-
КЕРЕЙ ХАН
Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы. Ақ Орда ханы Орыс ханнан Тоқтақия, одан Болат, одан Керей хан тараған.
-
ЖӘНІБЕК ХАН
Әз-Жәнібек хан – Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғ. өмір сүрген.
-
БҰРЫНДЫҚ ХАН
XV-XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихында хандықтың құрылуы
мен күшеюі процесіндегі маңызды оқиғаларға тікелей араласып, өз үлесін қосқан және хандықты 40 жылдай басқарған Керей ханның ұлы Бұрындық хан болды.
-
ҚАСЫМ ХАН
Қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы.
Қасым хан (шамамен 1445 – 1523 жылдары) – Қазақ хандығын 1511 – 1523 жылдар арасында басқарған, Жәнібек ханның ұлы.
-
ТАХИР ХАН
Тахир хан таққа Қасым ханнан кейін 1523 жылы отырды. Туған жылы белгісіз.
Тахир хан әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал, қытымыр адам болды.
-
БҰЙДАШ ХАН
Бұйдаш хан – Қазақ хандығын 1533-1537 жылдар аралығында биледі. Хан тағы оған ағасы Тахир ханның өлімінен кейін бұйырды.
1533 жылы Моғолстан Әбдірашид сайланып, Шайбанидтермен бірлесіп қазақтар жеңіліске ұшыратады.
-
ХАҚНАЗАР ХАН
Хақназар хан 1538-1580 жж. билік құрған XVI ғ. екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты.
Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды.
-
ШЫҒАЙ ХАН
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды.
Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған.
-
ТӘУЕКЕЛ ХАН
Тәуекел хан – Шығай ханның ұлы. Хан тағына 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін келеді.
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі.
-
ЕСІМ ХАН
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуереннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.
Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.
-
ЖӘҢГІР ХАН
Салқам Жәңгір — туған жылы белгісіз, 1652 жылы қайтыс болған. Есім ханның ұлы.
Ол хан тағына Есім хан өлген соң 1628 жылы отырды.
Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен.
-
БАТЫР ХАН
-
ТӘУКЕ ХАН
Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы.
Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті
жан болатын.